Демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

                                                                                   

                                                                                       Демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

                                         

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1300-ге жуық тұрғыны құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:

- жаяу жүргіншілер 220-дан астам бұзушылыққа жол берді (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі);

- 182  қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізуі бұзушылығы анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі);

- 87 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы);

- 6 жүргізуші автокөлікті масаң күйде  басқарғаны үшін ұсталды (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы).

- 6 адам қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін жазаланды (ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабы 3-бөлігі).

Ағымдағы жылдың 06 тамызында сағат 02:45 шамасында Өскемен қаласының Жеңіс даңғылы бойында облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны "Lada" маркалы көлік құралын масаң күйде басқарған.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды - алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, бұл он бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 тамызында полиция қызметкерлері Өскемен қаласының Ярославль көшесін патрульдеу барысында 37 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы "Nissan maxima" маркалы автокөлікті тоқтатқан.  Құжаттарын  тексеру барысында тәртіп сақшылары одан алкогольдің өткір иісін сезген. Полицейлердің медициналық тексеруден өту туралы заңды талабынан жүргізуші бас тартқан.

Аталған бұзушылық үшін жүргізушіге  қатысты ҚР ӘҚБтК 613 - бабының 9-бөлігі, яғни ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйіне куәландырудан өтуден жалтару бойынша әкімшілік хаттама толтырылды

Белгілі болғандай, ер адам 2019 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Көлік мамандырылған автотұраққа қойылып,  жүргізуші жиырма бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

                                                                                                              ШҚО ПД баспасөз қызметі