ШҚО-ның екі тұрғыны ұсақ малды ұрлады деп күдіктелуде
Жергілікті полиция бөліміне Глубокое ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны бір бас ұсақ малы ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінген.
Жәбірленуші белгісіз адам қоршалған қашаға кіріп, құны 60 000 теңге болатын ақ түсті қошқарды ұрлап кеткенін айтқан.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 1991 және 1992 жылы туған екі күдіктіні анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде жоғарыда аталғандар өз кінәсін мойындады. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Күдіктілерді мүліктерін тәркілеумен, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
ШҚО ПД баспасөз қызметі