
"Жарылғыш зат салған" ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ағымдағы жылдың 1 тамызында "112" жедел арнасына белгісіз ер адам қоңырау шалып, "Энергетик-2" бау-бақша серіктестігі учаскелерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.
Дабыл ұтүскеннен кейін бірден оқиға орнына мамандандырылған қызметтер жіберілді. Тексеру нәтижесінде, қоңырау жалған болып шыққан.
Тәртіп сақшылары қоңырау шалушыны тез арада анықтап, ұстаған. Ол облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны болып шыққан, сараптама қорытындысы бойынша алкогольдік масаңдықтың «орташа» дәрежесінде болған.
Аталған факті бойынша көрсетілген адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі - Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыру бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, бұл жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ЕСКЕРТЕДІ, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі