
Шемонаиха қаласы тұрғынының картасынан ақша шешіп алған
Ағымдағы жылдың шілде айының соңында Шемонаиха ПБ-ға аудан тұрғыны белгісіз адам кешкі уақытта маусым айында жоғалтқан банктік картасынан 120 645 теңге сомасында ақша шешіп алды деген өтінішпен жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері өтініш берушімен бір кәсіпорында жұмыс істеген 1989 жылы туған күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.
Жауап алу кезінде ол бұл әрекетін мойындады. Ұрланған зат ішінара тәркіленді. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 – бабы 1-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі