
Мотоциклді ұрламақ болған ер адам ұсталды
Ағымдағы жылдың шілде айының соңында қала тұрғыны Өскемен қ.ПБ Үлбі полиция бөліміне автобекет тұрағынан белгісіз ер адам оның "Skyline R11" маркалы мотоциклін ұрлап, оған 1 400 000 теңге көлемінде залал келтірмекші болғаны жөнінде өтінішпен жүгінген.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бейне бақылау камераларының көмегімен 2000 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстаған.
Оның бұрын осындай қылмыс үшін сотталғаны және бас бостандығы шектелгені анықталды.
Белгілі болғандай, ер адам тұрған мотоциклге мінгісі келіп, оны мұқият қарап, иесі кетіп қалғанда өзінің қылмыстық әрекетін іске асырмақшы болған, бірақ пиғылын жүзеге асыра алмаған. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жауап алу кезінде күдікті өз әрекеттерін мойындады.
Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 24 бабы 3-бөлігі, 188 бабы 1-бөлігі, -(ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мотоциклді ұрламақ болған ер адам ұсталды
ШҚО ПД баспасөз қызметі