Полицияға " Police 102 "мобильді қосымшасы арқылы 40-тан астам өтініш келіп түскен

Полицияға " Police 102 "мобильді қосымшасы арқылы 40-тан астам өтініш келіп түскен

                                                                            Полицияға " Police 102 "мобильді қосымшасы арқылы 40-тан астам өтініш келіп түскен


Полиция қызметкерлерінің азаматтардың өтініштеріне ыңғайлы және жедел ден қою мақсатында бір жылдан астам уақыт бойы "102" қызметінің мобильдік қосымшасы жұмыс істейді, ол арқылы оқиға орнынан хабарламалар, фотосуреттер, бейнелер жіберуге болады.

Сондай-ақ, бейнеқоңыраулар/аудиоқоңыраулар жасау мүмкіндігі бар, бұл оператормен байланысқан кезде геолокация автоматты түрде қосылып өтініш берушінің деректері көрсетіледі, бұл уақытты үнемдеуге және оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік экипажды жедел жіберуге мүмкіндік береді.


Ағымдағы жылдың басынан бастап осы қосымша арқылы ШҚО полициясына 45 өтініш келіп түскен, олардың барлығы мәтіндік форматта, олар бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданды.
Бұл қосымшаны пайдалану халықтың қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жылдам ден қоюға ықпал етеді, өйткені хабарламалар "Online"режимінде қабылданады.


Бұл бағдарламаны орнату өте қарапайым, Android жүйесінің смартфондары үшін "Play Market" арқылы және IOS жүйесінің смартфондары үшін App Store қосымшалары арқылы телефонға жүктеледі. Экранның жұмыс орынында "102" белгішесі бар қосымша пайда болады. Пайдаланушы өз атымен тіркеледі және өзінің жеке басына қатысты деректерді қол жетімді тәсілдермен растайды (электрондық пошта, телефон нөмірі).
⠀
                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі