
Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны тағы да қылмыс жасады
Ағымдағы жылдың шілде айының соңында Үлбі ауданы полиция бөліміне Ұлан ауданы тұрғынынан Өскемен қаласы Абай даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында белгісіз біреу кілтке жабылмаған оның автокөлігінің жүк салғышынан "Force" маркалы кілттер жинағын ұрлап, сол арқылы 50 000 теңге көлемінде шығын келтіргені туралы өтініші келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 1987 жылы туған күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады, ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.
Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Ұрланған заттар тәркіленбеді.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 – бабы 3-бөлігі - ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі