
Шығыс Қазақстан облысы полицейлері заңсыз ауланған балықты тәркіледі
30 шілдеде ШҚО ПД облыстық батальонының кызметкерлері "Өскемен-Семей" тас жолында қызмет өткеру кезінде 45 жастағы Риддер қаласының тұрғынының басқаруындағы "ВАЗ-21014" маркалы автокөлігін тоқтатқан, тексеру барысында жүргізушінің тиісті рұқсат құжаттарынсыз балық тасымалдағаны белгілі болды.
Автокөлікті тексеру кезінде багаж бөлігінен салмағы 27 килограмнан асатын 3 қап балық табылып,тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК - нің 383-бабы 1-бөлігі "Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі