
Қала тұрғыны ЖШС аумағынан көлікті айдап кеткен
Тағы бір ұрлық облыс орталығындағы бейнекамералардың көмегімен ашылды.
Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Өскемен қ.ПБ Үлбі ПБ-ға қала тұрғыны өзі жұмыс істейтін ЖШС аумағынан белгісіз адамның «CHEVROLET Niva» маркалы автокөлігін иемденіп кеткені туралы өтінішпен жүгінді.
Ер адамның алысқа кете алмағаны, оны бейнебақылау камералары түсіріп алғаны, соның арқасында полиция қызметкерлері оны тоқтатқаны белгілі болды. Айдап кетуші 1998 жылы туған қала тұрғыны болып шықты, кейіннен ол өзінің заңсыз әрекеттерін мойындады.
Айдап кетушіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200 - бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі