ШҚО-да есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың 4 фактісі анықталды

ШҚО-да есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу қағидаларын  бұзудың 4 фактісі анықталды

                                                                         ШҚО-да есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу қағидаларын  бұзудың 4 фактісі анықталды

Ағымдағы жылдың 24-28 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

ЖПІШ  барысында құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік құралдарды рецептсіз босату, сондай-ақ бақылаудағы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу фактілеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 18 дәріхана, 11 емдеу мекемесі, 4 кәсіпорын мен ұйым тексерілді.

Тексеру барысында:

- ҚР ҚК-нің  303-бабында көзделген есірткі заттары бар препараттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзуға жол берген медицина қызметкерлеріне қатысты 1 қылмыс жасалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды;

- ҚР ӘҚБтК 426-бабымен "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттармен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша  облыс орталығы дәріханаларының фармацевті дәрілік препаратты рецептсіз босатуы көрсетілген 2 құқық бұзушылық тіркелді;

- ҚР  ӘҚБтК-нің  427-бабы "есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды техникалық нығайтылу талаптарын бұзу" бойынша 2 құқық бұзушылық анықталды.

Қазіргі уақытта материалдар ШҚО бойынша Фармация комитетінің департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді.

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі