ШҚО-да 252 автокөлік уақытша есепке қойылды

ШҚО-да 252 автокөлік уақытша есепке қойылды

                                                                           ШҚО-да 252 автокөлік уақытша есепке қойылды

 

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап Шығыс Қазақстан облысында, жалпы республика бойынша көлік құралдарын уақытша есепке қою бойынша компания өз жұмысын бастады, қазіргі уақытта  есепке қойылған автомашиналардың саны 252-ні  құрайды.

Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттерден 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөлік болса және тіркеу елінде есептен шығарылмау себебі және қолда бар шектеулерге байланысты заңдастырылмаған жағдайда, уақытша тіркеуге рұқсат етіледі.

Мұндай көлік құралдары оларды кері  қайтару немесе бастапқы тіркеуден өту туралы міндеттеме түрінде 5 жыл мерзімге уақытша есепке қойылады. Көрсетілген мерзім ішінде, олар бұрын тіркелген елдегі  жері бойынша есептен шығарылған жағдайда, қайта заңдастыруға болады.

Әкелінген көлік құралдарының иелерін уақытша есепке қою үшін Әкімшілік полиция басқармасының ғимаратында (Өскемен қ., н.Назарбаев даңғылы, 73/1) орналасқан процессингтік орталыққа өтінішпен автокөліктің VIN-кодын уақытша тіркеу тізіміне енгізу үшін және растайтын құжаттармен жүгіну қажет.

Содан кейін "Egov" электрондық үкімет порталы арқылы автокөлікті тіркеуге өтінім беру керек. Оң нәтиже болған жағдайда иесіне автокөлікті арнайы ХҚКО-ға (Өскемен қ., Абай даңғылы, 203/3/) қарауға ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады.

Сарапшы-криминалист көлік құралының нөмірлік агрегаттарын салыстырып тексеруден өткеннен кейін көлік құралының иесі Арнайы ХҚКО қызметкеріне жіберіледі, онда қажетті мемлекеттік баждар мен алымдарды төлегеннен кейін (мемлекеттік нөмір-9660 теңге, техпаспорт-4313 теңге, тіркеу алымы – 918 теңге), көлік құралын 5 жылға тіркеу және оны кері әкету туралы міндеттемеге қол қояды және құжаттарды тапсырады.

Бұдан әрі өтінім бекітілгеннен кейін өтініш иесті  арнайы ХҚКО-да жаңа мемлекеттік нөмірлер мен техникалық паспортты алады, онда: "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу және иеліктен шығару құқығынсыз" деген жазба көрсетіледі, сондай-ақ көлік құралын тіркеудің қолданылу мерзімі, автомобильдің бұрынғы шетелдік иесінің деректері белгіленеді.

Тіркеу құжаттарының түпнұсқалары және шетелдік нөмірлік белгілер уақытша тіркеу мерзімі өткенге дейін Арнайы ХҚКО-да автокөлікті есепке алу орны бойынша сақталатын болады.

Егер Қазақстан азаматтары аталған автокөліктерді елден тыс жерлерге әкетуге шешім қабылдаса, олар тіркеу құжаттары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілерін тапсыруға тиіс, содан кейін оларға құжаттар мен шетелдік мемлекеттік нөмірлер қайтарылатын болады.

                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі