ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны ішкі істер органдарына басшы құрам лауазымдарына жұмысқа шақырады

ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны ішкі істер органдарына басшы құрам лауазымдарына жұмысқа шақырады

                                                                         ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны ішкі істер органдарына басшы құрам лауазымдарына жұмысқа шақырады

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен бастапқы оқыту және біліктілікті арттыру;

- қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының мөлшерін ұлғайта отырып, тұрақты және уақтылы жалақы төленуі;

- сауықтыруға, мансаптық өсуге арналған жәрдемақылар;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).

Талаптар: жасы 35 жастан аспаған, бойы 170 см-ден кем емес, білімі арнаулы орта және жоғары (басшы құрам лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілетті органы беретін тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссия айқындайды).

Толық ақпарат алу үшін телефон арқылы хабарласыңыз:
+7 (777) 981-21-66
Нурлан Иманмагзумович,

немесе мына мекенжай бойынша: Өскемен қ., Назарбаев к-сі, 73/1