
Самар ауданында мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды
Ағымдағы жылдың шілде айының ортасында Самар ауданы ПБ-ға ауыл тұрғынының бірінен белгісіз адамдар оның сарайынан 2 қошқарды жасырын ұрлап әкеткені туралы өтініші келіп түскен. Келтірілген шығын 120 000 теңгені құраған.
Полиция қызметкерлері 1997 жылы туған күдікті жігітті анықтап, ұстаған. Ұсталған адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны және бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.
Одан әрі жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің 1 ІҚМ басын ұрлауға қатысы бар екенін анықтап, келтірілген шығын сомасы 520 000 теңгені құрағаны белгілі болды.
Жауап алу кезінде қаскөй бұл әрекетін мойындады. Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188 – бабы 1-бөлігі, 188-1-бөлігі 3-тармағы - «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Полиция департаменті мал иелеріне қырағы болуды және малды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мал басын сақтау бойынша шаралар қабылдау, малды таңбалау және орталықтандырылған жайылымды пайдалануды ұсынады. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияға "102"телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі