Алаяқ студенттерге "қолма-қол ақша" берген

Алаяқ студенттерге "қолма-қол ақша" берген

                                                                         Алаяқ студенттерге "қолма-қол ақша" берген

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөліміне қала тұрғынынан оның танысы маусым айының басында банктердің бірінің мобильді қосымшасы арқылы тұтынушылық кредитті ресімдеу арқылы ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру сылтауымен 600 000 теңге көлемінде ақша қаражатын алдап иемденгені туралы өтініші келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер 2004 жылы туған күдіктінің жеке басын анықтап, ұстаған.

Тергеу барысында алаяқ сол схема бойынша тағы бір ұқсас эпизодқа қатысы бар екені, онда да шығын сомасы 600 000 теңгені құрағаны белгілі болды. Екі жағдайда да жәбірленушілер қаладағы оқу орындарының студенттері болып шықты, олар жеңіл ақшаға ұмтылып, алаяқтық әрекеттерге тап болған.

Жауап алу кезінде қаскөй өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынбады.

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Полиция департаменті барлық азаматтарды қырағы және мұқият болуға шақырады .

Өзіңізді алдауға жол бермеңіз, егер Сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102» арнасына хабарласыңыз.

Есіңізде болсын, сіздің деректеріңіз бен қолма-қол ақшаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда.

                                                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі