
ШҚО полицейлері көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстаған
Полиция қызметкерлері демалыс маусымының басталуымен көлік жүктемесі арттырылған қала сыртындағы жолдарда патрульдеу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, көлік жүргізушілері әлі де жол жүрісі қағидаларын бұзуды жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде "Өскемен-Риддер" автожолын түнгі патрульдеу кезінде ШҚО ПД патрульдік батальон қызметкерлері сағат 01.00 шамасында Риддер қаласының маңында 35 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы "БМВ" маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру барысында ер адамның 2020 жылы Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 8 жыл мерзімге айырылғаны анықталды, бірақ ол қайтадан рульге отырған.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен -« көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы » - бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, бұл елу айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе он тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Жиналған материал әкімшілік сотқа жіберілді, тәртіп бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Айта кету керек, осы жылдың басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 37 жүргізушіні анықтаған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі