
Өскемен полицейлері бейнежазба көмегімен көлік айдап әкетушісін ұстады
Бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстардың ізін суытпай ашуда үлкен көмек көрсетеді. Тек осы жылдың басынан бастап бейнебақылау камерасының көмегімен 94 қылмыс: оның ішінде: 8 тонау, 4 бұзақылық, 39 ұрлық және 13 айдап әкету қылмысы ашылды.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөліміне қала тұрғыны қала көшелерінің бірінде орналасқан дәріхананың тұрағынан белгісіз біреу оның «Hyundai Accent» маркалы автокөлігін заңсыз иемденгені туралы өтінішпен жүгінген.
Әйел адам өз көлігінен бірнеше минутқа шығып, кілттерді тұтану қосқышында қалдырған, қаскөй оны байқап, сол сәтті пайдаланғаны белгілі болды. Бірақ ол алысқа кете алмаған, оны бақылау камералары байқап, жеке басын анықтаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті ұсталды, ол 1983 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде қаскөй бұл әрекетін мойындады.
Қазіргі уақытта оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200 - бабы 1-бөлігі (ұрлау (ұрлау) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға әкеп соғады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі