
Глубокое ауданы тұрғынына масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жыл жүргізуші куәлігінен айырылу қаупі төніп тұр
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының полицейлері Глубокое ауданы Шоссейная көшесінің қиылысында 55 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Ваз» маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан, ол мас болудың жеңіл дәрежесін көрсеткен сараптамамен расталған.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды - алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, бұл он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.
Мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.
Есіңізде болсын, жол жүрісі қағидаларын елемеу және көлік құралын масаң күйде басқару қайтымсыз салдарға әкеледі!
ШҚО ПД баспасөз қызметі