
ШҚО-да тәулік ішінде алимент төлемей жүрген 2 адам анықталды
Өскемен қ. ПБ-ның Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушыларынан кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлемеген және оларға 1 000 000 теңгеден астам қарыз болған алимент төлемеушілерді іздестіруге жариялау туралы қаулылары келіп түсті.
Іздеу іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде борышкерлердің орналасқан жерін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті бір тәулік ішінде 25-тен астам борышкерді анықтаған.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚР ҚК -нің139-бабы) көзделгенін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі