Кезекті жүргізуші қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

Кезекті жүргізуші қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

                                                                         Кезекті жүргізуші қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

Полиция қызметкерлері өңірдің ең апатты учаскелерін патрульдеу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. Қазіргі уақытта демалыс маусымының басталуымен «Өскемен-Рахман қайнарлары» трассасы ең өзекті болып табылады. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол беруді жалғастыруда. Олардың негізгілері, әрине, жылдамдық режимін асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, таңбалауды сақтау, қарсы жолаққа шығу.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде полиция қызметкерлері «Өскемен-Алтай» автожолын патрульдеу барысында бейнебақылау көмегімен 1982 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы «Infinity QX 80» маркалы автокөлігін тоқтатты, ол қарсы көлік қозғалысына арналған сол жақ жолаққа шығып, сол жолақпен жүріп өтіп, жол жүрісі қағидасын өрескел бұзған.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 596 – бабы 3-бөлігі бойынша - егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығуы бойынша
әкімшілік хаттамалар толтырылды, бұл алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

ШҚО Полиция департаменті кезекті рет жол жүрісі қағидаларын сақтауға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

 

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі