Өскемен қаласы тұрғындары алаяқтың қармағына түскен

Өскемен қаласы тұрғындары алаяқтың қармағына түскен

                                                                           Өскемен қаласы тұрғындары алаяқтың қармағына түскен

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны 2022 жылы науқас жұбайына медициналық көмек көрсету сылтауымен оның 30 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген еуропалық келбеттегі белгісіз ер адамды жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 1972 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстаған.

Бұдан әрі ЖІШ жүргізу барысында алаяқ үшін бұл жағдай бірінші рет емес, ол тағы үш қала тұрғынын «әйелінің ауруы» туралы сылтауына сендірген, ал тағы екі жәбірленуші бензин талондарын сатып алу үшін ақша берген, олар, әрине, алынбаған. Заңсыз алаяқтық әрекеттерден түскен «түсім» сомасы 10 000 теңгеден 30 000 теңгеге дейін өзгерді, ал жалпы шығын 150 000 теңгеден асқаны белгілі болды.

Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған  факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 – бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды – алаяқтық. Күдіктіні 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Полиция департаменті барлық азаматтарды қырағы және мұқият болуға сондай-ақ бірқатар қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға шақырады:

- ешбір сылтаумен өзіңіздің жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға (аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі,  жеке куәлік нөмірі және т. б.) жария етпеңіз;

Өзіңізді алдауға жол бермеңіз, егер Сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102» арнасына хабарласыңыз.

Есіңізде болсын, сіздің жеке деректеріңіз бен қолма-қол ақшаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда.

ШҚО ПД баспасөз қызметі