
Жүргізуші құқығынан айырылған масаң мотоциклші қаланы аралап жүрген
Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде кешкі патрульдеу барысында Өскемен қаласының Мостовая көшесінде "ТИККЕН" маркалы мотоциклі мемлекеттік тіркеу нөмірсіз, белгілі бағытта үлкен жылдамдықпен жүрген. 1992 жылы туған қала тұрғыны болып шыққан тәртіп бұзушыны полицейлер қуып жеткен, одан алкогольдің өткір иісі шыққан. Жүргізілген куәландыру кезінде жүргізушінің орташа дәрежелі масаң күйінде болғаны тәртіп сақшыларының болжамын растады. Сонымен қатар, ол 29.12.2022 ж. Өскемен қаласының №2 әкімшілік сотының үкімімен өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Мотоцикл бірден мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі поцессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 346-бабы 1-бөлігмен - көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, яғни 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыс аумағында мотоцикл жүргізушілерінің кінәсінен 7 ЖКО тіркелді, онда 7 адам зардап шекті.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.
Масаң жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.
Есіңізде болсын, жол жүрісі қағидаларын елемеу және көлік құралын масаң күйде басқару қайтымсыз салдарға әкелетінін есте сақтаңыз!
ШҚО ПД баспасөз қызметі