
ШҚО полицейлері бақылау камераларының көмегімен бұзақыларды ұстады
Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны Өскемен қаласы дәмханалары бірінің маңында бірнеше белгісіз адамдардың дене жарақатын салғанын айтып, арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Өскемен қ.ПБ ЖБО операторларымен бірлесіп, 1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдіктіні анықтады, олар біраз уақыттан кейін ұсталды.
Жауап алу кезінде олар өз кінәсін мойындады.
Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293 – бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды- бұзақылық, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі