Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ " 102 " жедел арнасына алаяқтық әрекеттердің құрбаны болған облыс орталығы тұрғынынан өтініш келіп түскен.
Жәбірленушінің айтуынша, 5 шілдеде оның танысы автокөлікті сату сылтауымен алаяқтық жолмен 6 000 000 теңге сомасында ақша қаражатын иемденген.
Жедел–іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 23 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Тәртіп сақшылары жауап алып, қаскөйге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Жауап алу кезінде күдікті өз әрекеттерін толық мойындаған. Қолма-қол ақша алынған жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен - "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.