ШҚО ПД-да Республикалық слетке қатысушылар үшін тимбилдинг ұйымдастырылды

ШҚО ПД-да Республикалық слетке қатысушылар үшін тимбилдинг ұйымдастырылды

                                                                           ШҚО ПД-да Республикалық слетке қатысушылар үшін тимбилдинг ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің Республикалық слеті өз жұмысын бастады, онда еліміздің барлық өңірлерінен 70-тен астам тәртіп сақшылары жұмылдырылды.

Республикалық слеттің ашылуына қатысқан жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлері полицейлердің командалық рухын көтеруге және біріктіруге бағытталған тимбилдингке қатысты.

Спорттық ойындар мен эстафеталар, жүгіру, конкурстар, мұның бәрі слет қатысушыларына бейресми жағдайда қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берді, онда қабылданған шешімдер үшін жауап беруге және келіссөздер жүргізуге үйренуге болады.

ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Ораз Жолдасов атап өткендей: "Топтық терапия - бұл жұмыстың тиімді әдістерінің бірі, ол өз эмоцияларын жақсы түсінуге және тиісінше басқаруға көмектеседі".

Осы уақытта еліміздің барлық өңірлерінен келген кадр бөлімшелерінің басшылары семинар-кеңеске қатысып, тәлімгерлік, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадр саясаты мәселелерін талқылады.

"Қазақстан полициясының жас буыны- біздің ертеңіміз. Біз, басшылар, тәлімгерлер, ІІО ардагерлері олар үшін жауаптымыз, өйткені полицияның болашағы, қылмысқа қарсы күреспен  елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету олардың алғыр ойы мен шеберлігіне байланысты болады. Тәлімгерлік-бұл ұрпақтар сабақтастығы қағидатының нақты көрінісі, өйткені біздің жас қызметкерлермен жұмысымыздың түпкілікті нәтижесі оған нақты  ойластырылған көзқарас пен қарым-қатынасқа байланысты", - деп қосты полковник Жолдасов.

Слеттің жұмысы 2023 жылдың 20 шілдесіне дейін жалғасады.

                                                                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі