Жалдамалы жұмысшы қала тұрғынының көлігін айдап кеткен

Жалдамалы жұмысшы қала тұрғынының көлігін айдап кеткен

                                                                         Жалдамалы жұмысшы қала тұрғынының көлігін айдап кеткен

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны түнде белгісіз ер адам өзінің үйінің ауласындағы көлігін заңсыз иемденіп алғаны туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті ретінде 1991 жылы туған азаматты анықтап, ұстады.

Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады. Көлік қолхат бойынша иесіне қайтарылды.

Тәртіп бұзушыға  қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 200-бабы 1-бөлігімен - ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктіні 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі