
ШҚО ПД-да Республикалық жас полицейлер слетінің салтанатты ашылуы өтті
19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің алаңында Республикалық жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің слетінің салтанатты ашылуы өтті, оған еліміздің барлық өңірлерінен 70-тен астам тәртіп сақшылары қатысады.
Слетті өткізудің мақсаты – жас полицейлердің кәсіби біліктілігін арттыруда тәлімгерлік рөлін арттыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жас қызметкерлермен жұмысы олардың кәсіби сауаттылығымен, процессуалдық құжаттарды дайындауымен, қылмыскерлерді ұстау дағдыларын меңгерумен қатар, азаматтармен қарым-қатынаста тәртіп пен заңдылықты сақтауға бағытталған.
Дәстүр бойынша, іс-шара ашылу алдында жиналғандар қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлерді еске алды. Үрмелі оркестрдің үнімен аза тұту гүл шоқтарын қою рәсімін Қазақстан ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков және ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі Ораз Жолдасов басқарды. Қаза тапқан тәртіп сақшыларын бір минут үнсіздік жарияланып, қарудан үш дүркін оқ атылды.
Слетті аша отыра, генерал Болсамбеков жиналғандарды қарсы алып, полицейлердің лайықты кадрлық өзегін қалыптастыру және жас қызметкерлермен дұрыс жұмыс істеу тәлімгерлік және кәсіби мақтаныш пен таңдаған кәсібі үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу институтының ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Слет жалғасында қатысушылар ШҚО ПД Оқу-жаттығу орталығына барып, қоян-қолтық күрес дағдылары мен тәсілдерін қолдана отырып қойылымдарын көрсетті.
Жетісу облысы ПД-нің жас полицейлері Темірлан Қажыханұлы, Шымкент қаласы ПД-нің Азамат Дауреханов және Абай облысы ПД-нің Самат Темербеков өз әсерлерімен бөлісіп, өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, барлығына жемісті жұмыс пен керемет көңіл-күй тіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі