
Алаяқтар жөндеу жұмыстарын сылтауратып қала тұрғынын алдаған
Ағымдағы жылдың шілде айының басында Өскемен қ. ПБ-ға облыс орталығының тұрғыны алаяқтардың қармағына түсіп қалғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Әйел адам қала маңындағы ауылдардың бірінде үйін сату туралы хабарландыру жариялаған, оған біраз уақыттан кейін белгісіз ер адам қоңырау шалып, үйге металл есіктер орнатып, төбені жөндеген жағдайда ғана сатып алатынын айтқан, тіпті оған есік жасаумен айналысатын ер адамның абоненттік нөмірін берген. Алаяққа сенген жәбірленуші төбеге арналған материалдарға 100 000 теңге көлемінде ақша жіберген, біраз уақыттан кейін тағы 50 000 теңге сомасында ақша қаражатының қалған бөлігін аударғаны белгілі болды. Бірақ біраз уақыттан кейін ол алданғанын түсінген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1983 жылы туған күдіктінің жеке басын анықтап, ұстаған.
Жауап алу кезінде алаяқ өзінің іс-әрекетін мойындады. Ұрланған ақша ішінара тәркіленді.
Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 190-бабы 2-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Полиция департаменті барлық азаматтарды қырағы және мұқият болуға сондай-ақ бірқатар қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға шақырады:
- ешбір сылтаумен өз дербес деректеріңізді бейтаныс адамдарға (аты-жөні, ЖСН,карта нөмірі, жеке куәлік нөмірі және т. б.) жария етпеңіз.
Сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда, дереу «102» арнасына хабарласыңыз.
Есіңізде болсын, сіздің деректеріңіз бен қолма-қол ақшаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі