ШҚО тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

ШҚО тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

                                                                               

ШҚО тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

ШҚО полицейлеріне уақтылы көмек көрсеткені үшін қала мен облыс тұрғындарынан көптеген алғыстар  келіп түседі.

Бұл жолы Полиция департаментіне қала тұрғыны жүгінген. Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде қаладан  Алтай қаласына қарай кетіп бара жатқанда автокөлігінің клипстері ұшып кетіп, корпус – қанаттары  бөлшектері кептеліп қалғанын айтқан.

"Жағдай соншалықты қорқынышты емес, 113 борт нөмірлі экипажға барып, көмек сұрадым. Полиция қызметкері Ринат Мұсақанов одан әрі кедергісіз қозғалыс үшін ақаулы бөлшекті алып тастауға шешім қабылдады. Бұрын мен ПД қызметкерлерінің мейірімділігі туралы оқитын едім, ал бұл жолы  осындай жағдай өз басыманан өткен соң, Ринатқа алғыс айтуды шештім. Жол полициясы қатарында осындай мейірімді және жанашыр адамдар жұмыс істейтініне өте қуаныштымын. Олардың маған көмектескені үшін, әсіресе Ринаттың ата-анасына, тәрбиесі үшін ерекше алғыс!!! Игі іс жасап, кейін олар қызметін жалғастырды",- деп жазды бойжеткен .

Конституциялық құқықтарды қорғау, азаматтардың өтінішіне  уақтылы ден қою, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету әрбір полицейдің қызметтік борышы болып табылады. Ал алғыс білдіру -            кез-келген жағдайда көмек  қолын созатын, облыс жолдарын күндіз-түні патрульдейтін қызметкерлер үшін қосымша ынталандыру болып табылады.

 

                                                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі