
Ішкі істер министрінің кеңесшісі Ұлы Отан соғысының ардагеріне барды
Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Ішкі істер органдары жәнее Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі Ораз Жолдасовпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері, сондай-ақ отставкадағы полковник Құрмат Рахимұлы Рахимовқа барды.
Рухани әңгіме барысында ардагер майданда және ішкі істер органдарында қызмет еткен сәттерімен бөлісіп, алғашқы кезеңде полицейлер қылмыстарды ашу мен тергеудің әртүрлі ғылыми-техникалық құралдары мен әдістері жеткіліксіз болған кезде қиын жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр болғанын атап өтті. Қазір, әрине, жағдай түбегейлі өзгерді. Құрмат Рахимұлы бірнеше ұрпақтан құралған қызмет дәстүрлерін жалғастырып, жас қызметкерлерді патриоттық тәрбиелеумен айналысу қажетілігін , себебі полиция қызметкерлерінің жұмысындағы ең бастысы-адалдық, еңбекқорлық және халыққа қызмет ету екенін атап өтті.
Генерал Болсамбеков өз уақытында ел мен халық игілігі жолында атқарған барлық жұмысы үшін Құрмат Рахимовқа шын жүректен алғыс білдіріп, халыққа қызмет ету жолында қызметкерлердің жас буынына тәлімгерлік етуін жалғастыруды тіледі.
Кездесу соңында Өмірзақ Болсамбеков Құрмат Рахимовқа Ұлы Отан соғысының батырлары туралы естелік кітапты табыс етіп, ұзақ өмір, денсаулық және амандық тіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі