
ШҚО полицейлері ЖПІШ-тің бірінші күні 66 құқық бұзушылықты анықтады
17-19 шілде аралығында облыс аумағында жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің бірінші күні 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- 15 құқық бұзушылық - ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды жөнiндегi мiндеттердi орындамауы);
4 бұзушылық - ҚР ӘҚБтК-нің 434-435- бабы бойынша ( Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық);
3 бұзушылық – ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша (қоғамдық орындарда 18 жасқа толмаған адамдардың масаң күйде пайда болуы және олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі);
44 бұзушылық – ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы).
ЖПІШ-тің бірінші күні ғана бес бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Мысалы, Глубокое ауданының ПБ қызметкерлеріне Белоусовка ауылында жеті жасар баланың анасы алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде теріс пайдаланатыны, баланы бақыламайтыны, осы отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні туралы ақпарат келіп түсті. Сигналды алғаннан кейін полиция қызметкерлері оқшаулау шараларын қабылдады, бала Жаңа Бұқтырма кентіндегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі уақытта ананың ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттар жиналуда.
ЖПІШ өткізу ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін жалғасады. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға мұқият болыңыздар!!!
ШҚО ПД баспасөз қызметі