
ШҚО полицейлері "Жолда қабылдау"акциясының екі күнінде 215-тен астам сұрақ пен өтініш қабылдады
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі М.М. Ахметжановтың бастамасымен бүкіл ел бойынша 14 шілдеден бастап "Жолда қабылдау" республикалық акциясы басталды, ол азаматтарға ыңғайлы болу үшін сенбі күні де жалғасын тапты.
Акцияны өткізу кезеңінде облыс бойынша 10-нан астам азаматтарды қабылдау пункттері жұмыс істеді. Бұрын алынған тәжірибе көрсеткендей, "Жолда қабылдау" сияқты өзара іс-қимыл форматы халық үшін өте ыңғайлы екенін көрсетті.
Азаматтар өздерінің шұғыл мәселелерін шешу үшін алдын ала жазылусыз полиция басшылығына тікелей жүгіне алады.
Екі күн бойы әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері азаматтардың көлік құралдарын тіркеу мен қайта жабдықтауға, жүргізуші куәліктерін беруге, әкімшілік құқық бұзушылықтарға және оларды төлеу тәсілдеріне, әкімшілік учаскелерде учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты сұрақтар мен өтініштерге жауап берді. Жол жүрісі қағидалары, көші-қон заңнамасы бойынша түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, полицейлерге өз сұрақтарын үйден шықпай-ақ қоюға болады, өйткені облыстың Полиция басқармалары мен бөлімдерінің бірінші басшыларының қатысуымен "Instagram" әлеуметтік желісінде "тікелей эфирлер" өткізілді, онда сұрақтардың басым көпшілігі Өскемен қаласының жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болды.
Акция өткізудің екі күні ішінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан 215-тен астам сұрақтар келіп түсті, оларға жауаптар берілді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі