
Шығыс Қазақстан облысы ПД-да жеке құрам бойынша кезекті тағайындау өтті
Полиция департаментінде тағы да бірқатар кадрлық тағайындаулар өткізілді: аудандық және қалалық бөлімшелерден 16 кандидат түрлі лауазымдарға тағайындалды.
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков кандидаттармен жеке және бейнеконференцбайланыс арқылы әңгімелесіп, бірқатар міндеттер қойды.
Басшы құрамнан жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы лауазымына Серік Тұрғульдинов тағайындалды. Бұйрық барысында бірнеше полиция қызметкері құрметті демалысқа шықты.
Тағайындау туралы бұйрыққа қол қойып, ПД бастығы одан әрі қызметке сәттілік тіледі.