
ШҚО полицейлері кезекті борышкерді анықтады
Ағымдағы жылдың маусым айында Өскемен қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне облыс орталығының 23 жастағы тұрғынынан 4 322 226 теңге сомасында қарызды өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен.
Іздеу шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің Ресей Федерациясы Краснодар қаласында орналасқан жерін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті осындай 50-ден астам борышкерді анықтады, қазіргі уақытта оларға қатысты борыштар өндіріліп алынуда.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБТК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі