ШҚО ПД бастығы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады

ШҚО ПД бастығы  жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға  шақырады

                                                                           ШҚО ПД бастығы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады

ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков облыс тұрғындары мен қонақтарына жүгінді:

- Демалыс маусымының басталуымен автокөлік жолдарында көлік ағынының жүктемесі айтарлықтай артуда. Ағымдағы жылдың 6 айында ғана 54 жол-көлік оқиғасы орын алып, 14 адам қаза тауып, 111 адам түрлі жарақат алды. Жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін, маневр жасауды қатаң сақтауға және өз көлік құралдарыныңыздың техникалық жай-күйін қадағалауға шақырамын.

Сондай-ақ, ШҚО ПД шаршағанда немесе өзін нашар сезінгенде сапарды кейінге қалдырып, үйде қалуды ұсынатынын атап өтті.

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі