
Шығыс Қазақстан облысы ПД-да бірқатар басшылар тағайындалды
Полиция департаментінің басшы құрамында кадрлық тағайындаулар жүргізілді: полиция подполковнигі Ринат Зубаиров Үлбі полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Надир Булатұлы Сол жағалау полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жеке құрамға жаңа басшыларды таныстыра отырып бірқатар міндеттер қойды:
- " Полицияның кадрлық әлеуетін қалыптастыру қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бүгін бұйрықпен екі аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары тағайындалды, оларға мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің барлық тапсырмаларын орындау бойынша жауапкершілік жүктелді".
Ринат Зубаиров ішкі істер органдарында 2004 жылдан бастап әртүрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етеді, үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Надир Булатұлы ІІО-да 13 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді өзін сауатты және құзыретті басшы ретінде оң жағынан көрсетті.
Жаңадан тағайындалған басшыларды жеке құрамға таныстыра отырып, Ерлан Омарбеков ағымдағы жылдың 6 айындағы жұмыстың негізгі көрсеткіштерін, алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттерді жеткізді.
- "Өздеріңіз білетіндей, ішкі істер министрлігі Қоғаммен серіктестікте 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл бағдарламалық құжатта қоғамдық қауіпсіздік саласындағы стратегия, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін құру; профилактиканың барлық субъектілерінің ортақ жауапкершілігін белгілеу; полиция жұмысының сервистік моделіне көшу бекітілетін болады. Бірақ біздің міндетіміз – құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету".
Жеке құраммен кездесуді аяқтай отырып, ПД бастығы полицейлер арасында тәртіп пен заңдылықтың мүлтіксіз сақталуына назар аударды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі