
ШҚО-да 6 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап ел Президентінің 01.09.2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес полиция қызметкерлері басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерін заңдастыру процесін жүзеге асырды.
Жалпы, көрсетілген уақыт кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 6 000-нан астам автокөлік тіркелген, оның 1300-і "автоқұрылғы" ретінде тіркелген, яғни Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген.
Қазіргі уақытта 1 шілдеден бастап заңдастырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.01.2023 жылғы № 13 қаулысымен бекітілген) заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Алайда, 1 шілдеге дейін өтінім берген Қазақстан азаматтарына заңдастыру талаптарына сай болған жағдайда, көрсетілген мерзімнен кейін де өз автокөліктерін заңдастыру құқығы берілді.
Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген және басқа елде есептен шығару рәсімін орындамағандықтан заңдастыруға болмайтын автокөліктерді мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылданды. Бұл көліктер осы мерзім өткеннен кейін кері әкету немесе заңдастыру шарттарымен бастапқы тіркеуден өту міндеттемесімен 5 жыл мерзімге уақытша тіркеледі, егер басқа елде автокөлік есептен шығарылса.
ШҚО ПД баспасөз қызметі