
Карантин енгізілгеннен бастап полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша негізгі міндеттерін атқарумен қатар өз елінің патриоты бола отырып мейрімділік танытуда, «Біз біргеміз!» республикалық акциясына қатысуды ұмытпайды.
Тәртіп сақшылары қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға барып азық –түлік және қорғаныс құралдары түріндегі әлеуметтік көмек үнемі көрсетіледі.
Жақында полиция қызметкерлері қызмет бабында қаза тапқан Р.Нұрғалиевтің және көп балалы отбасы Асановтардың компьютерлерінің жоқ болуына байланысты, олардың балаларының қашықтықтан сабақ оқулары үшін сыйлық ретінде ноутбук табыс етті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі