
Балалар-біздің болашағымыз!
ШҚО-ның 50-ден астам оқушысы армрестлинг бойынша жарыстарға қатысты.
21 маусымда ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы гір спорты және армрестлинг бойынша Федерациямен бірлесіп нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында облыстың әртүрлі өңірлерінен жасөспірімдер арасында армрестлинг бойынша турнир өткізді.
Іс - шараның негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тарту және есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнирге 50-ден астам ұлдар мен қыздар қатысты, олар 40-тан 70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежелері бойынша турнирде өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыстың барлық қатысушылары грамоталармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сыйлықтарымен марапатталды, сондай-ақ осы іс-шараға қатысу кезінде ерекшеленген балалар марапатталды, барлық қатысушыларға "ЕСІРТКІГЕ ЖОҚ деп айт!» логотипі бар кепкалар, қаламсаптар мен футболкалар табысталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі