
"Есірткіге қарсы туризм"
Осындай атаумен "Жігер" балалар-жасөспірімдер лагерінде акция өткізілді. Аталған іс-шараны Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жасөспірімдерге дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ есірткіге баулу қаупі мен оларға теріс көзқарасты түсіндіру мақсатында ұйымдастырды.
Бұл іс-шара нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өткізілді. Балалар үшін ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімімен бірлесіп шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг бойынша жарыстар, суреттер байқауы, сондай-ақ жасы ең кіші балалар үшін педагогтардың қатысуымен "Салауатты өмір салты" тақырыбында викторина өткізді.
Акцияға армрестлингтен алты дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Мұратов Алижан Мұратұлы қатысып, балаларға чемпионаттарға дайындық элементтерін көрсетті.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және ПД ЕҚҚІҚБ – ның сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ оларға " Есірткіге жоқ деп айт!» логотипі бар кепкалар мен футболкалар табысталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі