
ШҚО ПД-да қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алды
Бүгін ШҚО ПД-да өткен Қазақстан полициясы күніне арналған іс-шарада қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Тәртіп сақшылары, қаза болғандардың отбасылары мен жесірлері ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қарудан үш дүркін оқ атылды.
Рәсім аяқталғаннан кейін жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың қазіргі қоғамдағы полицияның рөліне ерекше тоқталған құттықтау сөздері жеткізілді.
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Қазақстан полициясының құрылған күннен бастап біздің 29 жерлесіміз қызметтік борышын атқару кезінде қаза болғанын, оның 6 – уы қылмыскерлерді ұстау кезінде көз жұмғанын атап өтті. Олардың ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады, біз антқа адал болған әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз.
Сондай-ақ, облыстың бас полицейі өмірін Ішкі істер органдарында қызмет етуге арнаған және кәсіби мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеген ардагерлерге шын жүректен ризашылығын білдірді. Дәл осы жерде біз уақыт байланысы мен ұрпақтар сабақтастығының негізін көреміз.
Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов жеке құрамды құттықтау сөзінде тәртіп сақшыларының қазіргі жағдайдағы жұмысының маңыздылығы туралы айтты.
- Өңірдің жергілікті атқарушы органдары бүгінде облыс аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ішкі істер органдарымен белсенді өзара іс - қимыл жасайды, - деп түйіндеді облыс әкімінің орынбасары.
ШҚО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев бүгінгі таңда аға буын ІІМ жүйесінде жүргізіліп жатқан барлық бастамалар мен реформаларда жас қызметкерлерді қолдауға дайын екендігін тілге тиек етті.
- Аталған кезеңде ішкі істер органдары жүйесінде ең алдымен қоғамның құқықтық тәртіп сақшыларына деген сенімін арттыруға бағытталған түбегейлі өзгерістер болды.
Қылмыссыз қоғам құру тек полицияға ғана байланысты емес, бұл процестерге әртүрлі факторлар әсер етеді. 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әзірленіп жатқан тұжырымдамасының негізін қалаған қағидаттар осы бағытта көптеген институттар мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын бастауды көздейді, - деп Ерлан Омарбеков атап өтті.
Іс-шара соңында үздік қызметкерлер ҚР ІІМ, облыс басшылығы және ШҚО ПД наградаларымен марапатталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі