Жұмыс істеуге рұқсатты болмағаны үшін Өскеменде 12 шетелдік азамат жауапқа тартылды

Жұмыс істеуге рұқсатты болмағаны үшін Өскеменде 12 шетелдік азамат жауапқа тартылды

                                                                           Жұмыс істеуге рұқсатты болмағаны үшін Өскеменде 12 шетелдік азамат жауапқа тартылды

Рейдтік іс-шаралар өткізу барысында "Заңсыз келуші -2023" ЖПІШ аясында Көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскеменде Өзбекстанның 12 заңсыз жұмыс істейтін азаматын анықтады.


ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының айтуынша, шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеген. Барлық 12 бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-ші және 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Жұмыс беруші әкімшілік кодекстің екі бабы, яғни шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және шетелдіктердің болуы туралы хабарламау бойынша жауапқа тартылды. Ол 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, - деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.


Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан аумағында еңбек қызметін рұқсат беретін құжаттарсыз жүзеге асыратын 40 шетелдік азамат анықталды.
Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынатынын ЕСКЕРТЕДІ.

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі