ШҚО полицейлері ҰОС ардагері және отставкадағы полковник Құрмат Рахимовты 99 жасымен құттықтады

ШҚО полицейлері ҰОС ардагері және отставкадағы полковник Құрмат Рахимовты 99 жасымен құттықтады

                                                                        ШҚО полицейлері ҰОС ардагері және отставкадағы полковник Құрмат Рахимовты 99 жасымен құттықтады


Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаевпен бірге Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагері Құрмат Рахимұлы Рахимовты 99 жасқа толуымен құттықтады.


Облыстың бас полицейі ішкі істер органдарының министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың және ШҚО ПД жеке құрамының атынан ардагерге полицияның имиджін қалыптастыруға, дамытуға және жас тәртіп сақшыларының тәлім-тәрбиесіне қосқан ерекше үлесі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, қажымас қайрат, балаларының, немерелері мен шөберелерінің ортасында аман-есен жүруін тіледі.


Отставкадағы полиция полковнигі Құрмат Рахимұлы 1924 жылы ШҚО Күршім ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Күршім орта мектебін бітіріп, "Ленинск" кенішіндегі шахтада жұмыс істеген. 1942 жылы тамыз айында ол Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, онда басқа батырлармен бірге Литваны, Беларуссияны азат етуге, 1-ші Балтық және 3-ші Беларусь майдандарының құрамында Кенигсбергті алуға қатысқан. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Құрмат Рахимов 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "За боевые заслуги", "За взятие Кенигсберга" және "За победу над Германией" медальдарымен марапатталған.


Соғыстан кейін ол бірнеше мамандықты ауыстырған. 1946 жылы ол Каменск-Подольск қаласындағы шекара әскерлерінің әскери училищесін бітірген, содан кейін 8 жыл шекара әскерлерінде қызмет еткен. Демобилизациядан кейін ол Ақжар, Күршім орта мектептерінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап, ал 1958 жылдың қыркүйегінде Күршім аудандық партия комитетінің хатшысы болып сайланған, онда 1962 жылдың желтоқсанына дейін еңбек еткен. 1962 жылдың желтоқсанынан 1965 жылдың қарашасына дейін Зырян ауылдық өндірістік парткомы хатшысының орынбасары, кейін Зырян аудандық партия комитетінің хатшысы болған.


1965 жылы қарашада ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарына қосылып, қызметін түбегейлі өзгерткен. Облыс орталығында қызмет атқара отырып, полковник атағына дейінгі үлкен жолды еңсеріп, ол кадрларды іріктеу және орналастыру, құқық тәртібін қорғау, қылмысқа қарсы күрес бойынша қызметтік борышын мінсіз орындау рухында жеке құрамды тәрбиелеу мәселелерін үлкен жауапкершілікпен шеше отырып және ІІО-ның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан.


Құрмат Рахимов үшін жасы жәй сандар сияқты, өйткені ардагер әлі де белсенді, жігерлі және көңілді. Ерлік, батылдық және қиындықтарға мойынсұнбау бүгінде оның бойынан табылады.


Туған күн иесі қонақтарға үнемі назары мен қамқорлығы үшін алғыс білдіріп, полицейлерге күн сайын қылмыстың алдын алып, қызмет өткеруде адал және шынайы қызмет етіп, жұмыста табысты болуды тіледі.

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі