«Борышкер» ЖПІШ: ШҚО-да шамамен 26 миллион теңге өндірілді

«Борышкер» ЖПІШ: ШҚО-да шамамен 26 миллион теңге өндірілді

                                                                             «Борышкер» ЖПІШ: ШҚО-да шамамен 26 миллион теңге өндірілді

Шығыс Қазақстан облысында айыппұл салу туралы қаулыларды уақтылы орындау, апаттылықтың алдын алу және жазаның бұлтартпастығы қағидатын орындау мақсатында «Борышкер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.


ЖПІШ аясында облыс аумағында «Қорғау" мобильдік қосымшасының көмегімен, сондай-ақ прокуратура өкілдерін және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, тәртіп сақшылары борышкерлер мен жол жүрісі қағидаларын қасақана бұзушыларды анықтайды.


Іс-шараны өткізудің жеті күнінде 1981 әкімшілік істер бойынша 25,9 миллион теңге өндірілді. Сонымен қатар, орындалмаған айыппұлдар үшін мамандандырылған автотұрақтарға 51 көлік қойылды.


Айта кету керек, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 96 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 116 млн теңгеден астам сомаға 17 мың қаулы өндірілмеген күйінде қалып отыр.


ШҚО ПД Жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол бермеуді, көлік тәртібін және Қазақстан Республикасы әкімшілік заңнамасының талаптарын сақтауды ұсынады.


Естеріңізге сала кетейік, "Борышкер" ЖПІШ ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

 

                                                                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі