Тәні саудың-жаны сау

Тәні саудың-жаны сау

                                                                                   Тәні саудың-жаны сау

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімімен және "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігімен бірлесіп, Өскемен қаласы аула клубтарының қатысушылары арасында қоян-қолтық ұрыс пен аралас жекпе-жектен спорттық жарыс өткізді.


Ең мықты атаққа ие болу үшін 45-тен астам жасөспірім күресті, олар қызықты жарыста өздерінің шеберліктерін, күштерін және кәсіпқойлықтарын ынтамен көрсетті.


Мерекелік спорттық іс-шараны тамашалауға аула тұрғындары келді. Жарыс үздік спортшыларды Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының дипломдарымен, медальдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапаттаумен аяқталды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары барлық қатысушыларына «Есірткіге жоқ де!» логотипі бар жейде, кепка, қаламсаптар түріндегі естелік сыйлықтар табыс етті.


Айта кету керек, іс-шараның негізгі мақсаты демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдер арасында бос уақыт пен ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыру, сондай-ақ есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Өйткені, балалар Қазақстанның болашағы!

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі