
ШҚО-да "Борышкер" ЖПІШ өтуде
Әкімшілік іс бойынша қабылданған айыппұл салу туралы қаулыларды уақтылы орындау мақсатында облыс аумағында 07 - 30 маусым аралығында "Борышкер"жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Осы іс-шара аясында жолдарда прокуратура, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерін тарта отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) талаптарына сәйкес, азаматтардың әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% -ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды. Бұл құқық пайдаланылмаған жағдайда, толық соманы ерікті түрде, бірақ отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндігі бар.
Өзге жағдайда, айыппұл салу туралы қаулы атқарушылық тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.
Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті алдағы уақытта әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылмау үшін, жол жүрісі қағидасын қатаң сақтауды ұсынады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі