ШҚО ПД бастығы полиция лейтенанты Дана Бақтиярованың ата- анасын қыздарының Мемлекет басшысының қолынан алғашқы офицерлік погон алуымен құттықтады
5 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс–шара өтті, онда еліміздің әскери және ведомстволық жоғары оқу орындарының түлектеріне ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лейтенанттық погондарды табыс етті.
Олардың қатарында Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Дана Бақтиярова бар, ол биыл ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын үздік бітірген.
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков полиция лейтенанты мен оның анасы Зауре Досованы осы маңызды оқиғамен құттықтады.
- Сіз қызыңызды абыроймен тәрбиеледіңіз. Қызметтегі алғашқы қадамы сәтті болсын. Бұл жас ұрпақтың полиция мамандығын таңдауыңа лайықты үлгі. Қызметте сәттілік тілеймін, - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
Дана Бақтиярова отбасында өз өмірін ішкі істер органдарындағы қызметпен байланыстыруға шешім қабылдаған алғашқы адам.
- Мен үшін бұл ерекше сәт және үлкен жауапкершілік, өйткені офицерлік погондарды еліміздің Президенті табыс етті. Полиция қызметі оңай емес екенін білемін, мен өз еліме лайықты қызмет ететініме сенімдімін!- дейді жас тергеуші.
ШҚО ПД бастығы жас қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті, өйткені олар жаңа Қазақстанның полицейлері болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі