
Шығыс Қазақстан полицейлері қан доноры болды
Полиция департаментінде «Донор күні» акциясы өтті, оған ШҚО ПД аппаратының 50-ден астам қызметкері қатысты.
Таңертеңнен бастап акт залының жанында қан компоненттерін құюға мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын тәртіп сақшылары кезекке тұрды.
Жылдан-жылға қан тапсырғысы келетіндердің саны өсуде. Бұл жолы бірі алғаш рет қан тапсырса, кейбіреулері медициналық қызметкерлермен жақсы таныс, бірақ олардың барлығын бір мақсат қана біріктіреді – адамдарға көмектесу ниеті.
Қызмет борышы бойынша құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдарға басқаларға қарағанда жиі кездеседі және қан құю өмірді сақтау үшін өте маңызды екенін біледі.
- « Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері игі дәстүрді жалғастыра отырып, қан доноры болды. Мұндай іс-шарадан қалыс қалғымыз келмейді, себебі адамдарға көмектесу - біздің тікелей міндетіміз", - деді Кадр саясаты басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев.
Дәрігерлер полицейлерді мінсіз донор екенін бірнеше рет атап өтті, өйткені олар денсаулығына жіті көңіл бөліп, медициналық тексерулерден үнемі өтіп тұратындарын алға тартты.
-« Біз Департаменттің барлық донорларына, шын жүректен алғыс айтамыз және барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, жоғары гемоглобин және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Жақсы үлгі көрсеткендері үшін рақмет. Біздің донорларымызға амандық пен табыс тілейміз!» ,– деп атап өтті медицина орталығының маманы Мира Мустафина.
Акция маусым айының соңына дейін жалғасады, оған Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің тәртіп сақшылары да қатысады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі