
ШҚО-да "Жасөспірім" ЖПІШ басталды
7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Жаз - балалардың демалыс уақыты, бұл кезде олардың бос уақыты көп, яғни олар әртүрлі нәрселерге қызығушылық танытып, тіпті қолданыстағы заңнама талаптарына қарсы әрекеттерге баруы мүмкін.
"Жасөспірім" ЖПІШ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды анықтау және жолын кесу, топтық және қайталама жасөспірімдер қылмысының алдын алу, алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды пайдалану фактілерін, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу бойынша тиімділікті арттыру мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар, ЖПІШ барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ата-аналармен әңгімелесу өткізу жоспарланған.
Құрметті ата-аналар, балалардың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі мен маңыздылығына баса назар аударыңыздар. Ең бастысы- оларға өздеріңіз жақсы үлгі-өнеге көрсетіңіздер.
"Жасөспірім" ЖПІШ Шығыс Қазақстан аумағында 9 маусымға дейін жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі