
ШҚО-да 3,5 млн теңгеден астам қарызы бар елорда тұрғыны ұсталды
Ағымдағы жылдың 1 маусымында ШҚО Полиция департаментіне Астана қаласының жеке сот орындаушысынан "Porsche Cayenne" маркалы көлік құралын ұстау туралы қаулы келіп түскен, көлік иесі кәсіпорынға сомасы 3 512 546 теңге мөлшерінде қарыз болған.
5 маусымда Өскемен қаласында «Қыран-12» экипажының қызметкерлері "Сергек-қорғау" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жоғарыда аталған көлік құралын ұстады.
40 жастағы жүргізушіге тоқтату себебі түсіндірілді. Өз кезегінде ер адам банктердің бірінің мобильді қосымшасы арқылы қарыздың толық сомасын төледі.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды осындай жағдайларды болдырмау үшін бар қарыздарын уақытында төлеуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі