
ШҚО полицейлері Өскемен қаласының аулаларының бірінде "Көңілді старттар" ұйымдастырды
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімімен және ата-аналар комитеттерімен бірлесіп Өскемен қаласының аулаларының бірінде өткен спорттық іс-шараға қатысты .
Бұл күні ЖМК ауданындағы үйлердің аулаларының бірінде әртүрлі жастағы 250-ден астам бала жиналып, ата-аналар мен дене шынықтыру мұғалімдері ұйымдастырған көңілді старттарға аса қызығушылықпен қатысты. Балалар жеңімпаз атану үшін, эстафетаның барлық мәрелерінен сүрінбей өтті.
Жарыс кезеңдері арасындағы үзілістерде тамаша би билеп, ән шырқалды. Мерекенің жас қатысушылары үшін әртістер домбырада ойнап, қылышпен би билеп, тіпті шығыс жекпе-жегінің техникасын көрсетті.
Жарыста достық жеңді. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізілген спорттық жарыстардың қортыныдысын басқадай елестету мүмкін емес еді. Осы іс-шара жеңімпаздары мен ерекше көзге түскен балалар Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атынан бағалы жүлделермен және сыйлықтарымен марапатталды, барлық қатысушыларға "ЕСІРТКІГЕ ЖОҚ деп айт!» логотипі бар кепкалар мен футболкалар естелің сыйлық ретінде табысталды.
Айта кету керек, іс-шараның негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс кезеңіндегі бос уақытында ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыру, сондай-ақ есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Өйткені елміздің болашағы – балалардың қолында!
ШҚО ПД баспасөз қызметі